Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Абыройын айрандай төкті”. Блогер Дархан "әйелін тыңдамау" жайлы елге ақылсынып, басы дауға қалды

10:59, 25 қаңтар 2025 1050

Блогер Дархан Жолшыбеков еркек пен әйелдің қарым-қатынасы жайлы "ақылсынып", көптің ашуына тиді, - деп хабарлайды  Alash.KZ порталы Massaget.kz порталына сілтеп.

Блогер тосын ойын "Сыр" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Дархан Жолшыбеков ер адамның ешқашан әйел адамды тыңдамағанын және бұл қағиданың өз отбасында жүретінін жеткізді.

“Әйел адамның ер адамды аңдуы, оның қайда екенін білуі дұрыс емес. Әйел еркектен сұранбауы керек. Еркек адам әйелді ешқашан тыңдамаған. Мен үйімді ойнатқанда Дариғадан сұраған жоқпын. “Мен үйді ойнатамын” дедім. Болды. Ер адам әйелден мүлдем ештеңені сұрамауы керек. Кім ол сұранатын? Одан да қадалсын, көрсін. Есесіне тәжірибе жинайды” деді ол.

Сондай-ақ, блогер үй шаруасына мүлдем араласпайтынын мақтан көрді: 

"Мен тіпті баламды балабақшаға да апармаймын. Мен ол нәрсеге уақыт құртқанша ақша тапқаным жақсы. Одан да сол жұмысты істейтін адамды жалдай салғаным оңай. Содан кейін Дари (әйелі - еск.) маған мүлдем үйдің тірліктерін айтпайды. Оны да істейтін адам бар. Не үшін мен ол нәрселерге күйіп-пісуім керек" деді ол. 

Дарханның жары Дариға Нұркеева да Дархан Жолшыбековтың көп жағдайда отбасын елеусіз қалдыратынын айтты. 

"Мен Дарханды бір рет қатты ауырып жатқанымда шақырдым. "Дархан, көзім ауырып жатыр, келші" дедім. Бұл маған "сонда қазір барып, шайыңды беріп қасыңда отыруым керек пе?" деді де келмеді" деп ренішін айтты. 

Желі қолданушылары Дархан Жолшыбековтың өмірлік ұстанымдары мен пікіріне наразылықтарын білдірді. 

"Не айтып отыр? Ұят ай", "Қасықтап жинаған абыройын, шелектеп төкті-ау", "Дариғаға жаным ашып отыр", "Дарханды мұндай адам деп ойламаппын", "Тоқшылық семіртіпті" деді оқырмандар. 

Еске салайық, бұған дейін Дархан Жолшыбеков бірнеше ай бұрын некесіз туған күрдемше қызына пәтер мен көлік сыйлаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар