Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысында жолшыбай такси ұстаған бойжеткен жоғалып кетті

02 маусым 2024 328

Абай облысында жолға шығып, такси ұстаған бойжеткен жоғалып кетті. Ол Семей жаққа қарай бара жатқан көлікке отырған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Абай ауданында жол үстінде жоғалған қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 2 маусым күні полицияға Бородулиха ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол 1994 жылы туған қызы Динара Ғалиқызы Досымбекованың жоғалып кеткенін хабарлады.

"26 мамырда жоғалған қыз Семей қаласына аттанып кеткен, оның қайда екені белгісіз, полиция қызметкерлері оны табу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері бойжеткеннің бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі көк, шашы ашық қоңыр болғанын,джинсы күрте, джинсы шалбар және ақ кроссовка кигенін айтады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?