Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Абайсызда болған жағдай емес": Маңғыстау полигонда көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (видео)

09:24, 09 қыркүйек 2024 549

Маңғыстаудағы полигонда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасап, қорғаныс министрінен істің толыққанды тергеуді сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Марқұмның әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтинант қарумен ойнап отырғанда болған. Сол кезде абайсызда тапанша атылып кетіп, оқ сарбаздың бетіне тиген. 

"Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді", – дейді ер адам. 

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады. 

"Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек", – деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаздың көз жұмғаны туралы хабарланған. Ақпаратқа сәйкес 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар