Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Абай — славяншылдықты жақтаған әрі орыс әлемін қолдаған адам". Тарихшы Абайды дәріптеудің қажеті жоқ деп меңзеді

10:00, 03 қаңтар 2026

Тарихшы Нари Шелекбаев Ұлы Абайдың дүниетанымы мен көзқарасына қатысты даулы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оның айтуынша, Абай славяншылдықты жақтаған және «орыс әлемін» қолдаған тұлға болған. Бұл туралы ол Dope Soz подкастында мәлімдеді.

«Абайдың ой өрісі кең, парасатты адам болғаны сөзсіз. Алайда Абайға қатысты үлкен мәселені түсіну керек. Ол — славяншылдықты жақтаған әрі орыс әлемін қолдаған адам. Осы себепті де ол Кеңес одағына өте ыңғайлы тұлға болды. Сондықтан Кеңес дәуіріндегі Қазақстанда Абай культінің қалыптасуы заңды құбылыс. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де оның сақталуы маған түсініксіз», — деді тарихшы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар