Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды

10:10, 17 сәуір 2025 297
 

Қайғылы жағдай Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында орын алды, деп жазады Alash.KZ.

Шаруа қожалығының 3 жұмысшысы ағаш аспалы көпір арқылы мотоцикл алып өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар тепе-теңдік сақтай алмай, барлығы өзенге құлап кеткен. 

Құтқарушылар кеше 1980 және 1978 жылы туған 2 азаматтың денесін тапты. Артынша, 1967 жылы туған үшінші ер адамның мәйіті судан шығарылды.

Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар