Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Абай болыңыздаршы...". Актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың ауруханаға түсіп қалғаны хабарланды

17:55, 14 ақпан 2026

Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың әлеуметтік желідегі соңғы ауруханадағы сторисі оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы MadeniPortal.kz порталына сілтеп. 

Өнер иесі аурухана төсегінде жатқан суретін жариялаған. Кадрда ол ақ жайма жамылып, бір қолымен төсек тұтқасынан ұстап отырған күйі көрінеді.

Сториске "Жолда абай болыңыздар" деген қысқа жазба қалдырған. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында Қоянбаев жол апатына түсті ме деген сұрақ туындады.

Әзірге актердің нақты қандай жағдайға байланысты ауруханаға түскені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар