Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

90,3 млрд теңге - Әнипа Назарбаеваның компаниясы мемлекетке салық төлемеген

08:54, 30 қазан 2025 290

Forbes тізіміндегі ең бай қазақстандықтар мемлекетке миллиардтаған салық қарыз болып шықты, деп жазады Alash.KZ.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық қарызы ең көп компаниялардың тізімін жариялады.

Алғашқы бес орын:

Ai-To Progress ЖШС — қарыз көлемі 110,1 млрд теңге. Иесі — Даурен Молдағалиев;

Tex Alliance ЖШС — 95,9 млрд теңге. Иесі — Азат Жанзақов;

Alpha-bet ЖШС — 92,4 млрд теңге. Иесі — Velora Group LTD;

Group of the Companies TDA — 90,3 млрд теңге. Иелері — Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышпаев;

OLIMP KZ — 83,7 млрд теңге. Иесі — Анарбек Жауыров.

Jas Alash жазғандай, Әнипа Назарбаеваның Group of the Companies TDA компаниясының 1 қазанға дейінгі негізгі қарызы 52,9 млрд теңге, ал қалғаны — өсімпұл. Еске салайық, аталған компания Қытайдан тауарды контрабандалық жолмен алып келді деп айыпталған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар