Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«89 және 72 жастағы зейнеткерлерге үкім шықты»: Ақмола облысындағы оқыс оқиға туралы тың ақпарат мәлім болды

13:08, 30 қаңтар 2026

Ақмола облысы, Макинск қаласында қарыз ақша дауына байланысты екі зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

89 жастағы кейуана мен оның 72 жастағы жиені 60 жастағы танысын ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылды.

Оқиға үйдің кіреберісінде басталған. 72 жастағы Ф. есімді әйел жәбірленуші К.-дан тәтесіне тиесілі қарызды қайтаруды талап етіп, жанжал шығарған. Айқай-шуды естіп пәтерден 89 жастағы С. есімді кейуана мен жәбірленушінің жары да шығады. Жанжал кезінде жәбірленуші сүрініп құлағанда, екі зейнеткер оны шашынан тартып, басынан жұдырықпен ұра бастаған.

Дәрігерлер жәбірленушіге жабық бассүйек-ми жарақаты және мидың шайқалуы деген диагноз қойып, ол ауруханаға жатқызылды.

Сот шешімімен екі сотталушыға да 7 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар олардан жәбірленушінің пайдасына 130 мың теңге материалдық шығын, 500 мың теңге моральдық зиян және 200 мың теңге заңгерлік қызмет құны өндірілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар