Арма, құрметті оқырман. Alash.KZ ұлттық порталы Халықаралық әйелдер күніне арналған үздік тілектер топтамасын ұсынады.
Құрметті аналар мен арулар! Сіздерді 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дәл осы ажарлы күнде гүлдей жайнап, ерекше құлпырып, көңіл көктеміңіз көркейе берсін! Жүрегіңізге жылылық пен махаббат ұялап, бақыт мекенінің мәңгілік тұрақтаңыз.
***
Құрметті аналар мен арулар! Көктемнің көркемдігін сезіндіріп, кереметін ұғындырған 8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын! Табиғаттың әсемдігі әсемдіктеріңізді әнге бөлеп, шығармашылықтарыңызға шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңыз құтты болын!
***
Осындай ғажайып күнде, барлық ғаламды әсемдікпен нұрландырған тамаша әйелдер мерекесінде тек көтеріңкі көңіл-күй, шексіз бақыт және зор денсаулық тілегіміз келеді. Жаныңыз жадырап, болмысыңыз биіктеп, сіздің көңіліңізге бүр жарған махаббатыңыз мәңгілік үйлесіммен өрнектелсін!
Арайлап атқан әрбір таң тек қуаныш әкелсін.
***
Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесімен! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
***
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, ақпейілді арулар! Сіздерді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін - жүректегі жылы лебіздеріміз бен тəтті тілектеріміз төгілетін күн. Барша ықыласымыз бен ілтипатымызды өскелең ұрпақ бойына өжеттік пен қайсарлық, мейірім мен адамгершілік дәнін сеуіп келе жатқан əйелдер қауымына арнайтын күн.
Жасай беріңіздер!
Жайнай беріңіздер!
Өсе беріңіздер!
***
8 наурыз — біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін! Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!
***
Автор: Бауыржан Бабажанұлы ҚЫЗЫЛ АЛМА. ӘЙЕЛ
Әйел деген — әу бастан-ақ ажарлы ән,
Жүрек — оның мекендейтін тұрағы.
Жеміс-жидек ішінде мен базардан,
Қызыл алма алғым келіп тұрады.
Абай жазған Масғұт сүйген алма бұл,
Ұрғашыға көрсететін сүйкімді.
Менен бұрын алардай бір оңбағыр,
Талай түндер бұзды күдік ұйқымды.
Әлсіз ғана сәл сүрінсе шер төкпек,
Хас мықтының даңқын көкке жаяды ел.
Қуанышты бөлісетін еркек көп,
Ал, қайғыны бөлісетін тек әйел.
— Мына бір сөз кетпеген жөн құлақтан,
Әлмисақтан мәлім жай бұл ғаламға.
Әйел бізді қудырған да жұмақтан
Түбімізге жеткен-дағы сол алма.
Бұл шіркіндер сан жақсыны алдады,
Сенемін деп қалма кейін өкініп,
— деді ағам қып-қызыл бір алманы
Басытқы ғып қарш-қарш шайнап отырып.
Аға ақылы маған тіпті батты ауыр,
Мезі болдым ақыл айтқыш бұл елден.
Өзімнің де басым бар ғой тәп-тәуір
Неге өзгенің айтқанымен жүрем мен?..
Уәж айтайын (мысалға мен жүйрікпін),
Өңкей еркек су құйғандай бақшаға.
Сен аңсаған байлық пенен биліктің
Сұлуларсыз құны қанша жақсы аға?!
Бақтың құнын біліп бастан көшкесін,
Көңіл жасып, сәтімде бір ашынған.
Табан асты кілт бұрылды көп досым
Кілең әйел табылды кеп қасымнан.
Атқа мінсем анталайды жан-жағым,
Осыменен нешінші рет алдандым.
...Айналамда сенетін жан қалмады,
— Әй, ақсақал, әкел қызыл алмаңды.
***
Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер — азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
— деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы — қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.
***
Аяулы анам менің!
Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..
Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!
Мереке құтты болсын!
***
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдессіз құдірет деп түсінем.
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен!
Аяулы ана, сен дегенде жүрек шіркін езілмей, елжіремей тұра ма?! Осы әлемде сенен артық адам жоқ деп сенемін. Жер жақұтын алдыңа әкеліп төгіп берер ем, мен үшін бір күлімдегенің, жылы сөзің қуат алуға жетеді. Қуанышың көп болсыншы, балаларыңның, мына біздің және немерелеріңнің қызығына тоймай жүре бер!
***
Сүйікті анашым!
Мен үшін бұл өмірдегі ең жақын жан өзіңсің!
Сенің көңіліңе ешқашан кірбің түспеуін қалаймын.
Ауру-сырқау, қайғы-мұң сені айналып өтсін! Әрдайым осы қалпыңда көркем мінез, парасаттылықтың нышаны мен символы болып тұра бер! Сен – біз үшін үлгісің! Сен сіңірген тәрбиені, парасаттылықты өз балаларыма сіңірем, өмірлік ұстанымым етем!
***
Әйел адам жас қосқан сайын қартайып келем деп мұңайса да, сенің туған күнің мен үшін – той. Себебі бұл күні менің ең жақын адамым дүние есігін ашқан. Бұл күні мені өмірген әкелген адамның туға күні, онсыз мен де ешкім емес едім, тіпті мына дүние де болмайтын да едім. Жан ана, сенсіз - өмір қараңғы. Бар бол, қасымызда бол! Денің сау, басың аман болсын!
***
Анашым, сен менің кеңесшім, ақылшымсың.
Өмірімді сенсіз елестету - қараңғы бөлмеге шамсыз кіріп, одан шыға алмайтыныңды булмен тең. Мен барлық арман, мақсаттыммен үмітімді өзіңде сақтаймын, сен менің – алтын қорымсың, ал сен маған қолдау мен кеңесіңді бересің, аямайсың. Себебі сендік махаббат әлемдегі теңдесі жоқ күш. Сендік махаббат - сарқылмас энергия. Саған күш-қуат, денсаулық, өмірге деген құлшыныстың артуын тілеймін.
***
Бойыңды жастай түзедің –
қылықты, сәнді қыз едің,
жаныңа, сұлу көркіңе
ұмтылып өткен жүз ерін.
Арманың шығып алдыңнан,
жарасымдарың таң қылған.
Ал бүгін алқам-салқамсың,
шыққандай батпақ-балдырдан.
Бітті ме мәні өмірдің?
Күйбеңге неге көмілдің?
Нәзіктік пенен сұлулық —
әйелдің мәні, сырымды ұқ,
жоймасын нұрын көңіл - Күн!
1959
Фариза Оңғарсынова
***
ӘЙЕЛДЕР-АЙ!!! Мұқағали Мақатаев
Әйелдер-ай!
Әйелдер-ай!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.
Әйелдер-ай!
Әйелдер-ай, қандайсың?!
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай,
Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай!
...Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді...
Мұқағали