Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

8 млн қазақстандық декларацияны тапсырудан босатылды (ВИДЕО)

12:09, 19 қараша 2024 301

8 миллион қазақстандық жалпыға бірдей декларациялауға қатысудан босатылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Заңға сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа азаматтар өздерінің кірістері мен активтері туралы есептерді тапсыруы керек еді.

 Алайда бұз заңға тосқауыл қойылды.

«Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. Декларациялауды мынадай санаттағы тұлғалар үшін сақтау ұсынылады: ҚР шегінен тыс активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК (Т74 млн) асатын сатып алулар жасаған; өз бетінше салық салынатын табыс алған тұлғалар»,  деп  баяндады қаржы министрі Мәди Такиев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар