Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте өзінің айлық табысы мен тұрмыстық шығындары туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Энергетика саласының өкілі отбасымен бірге елордадағы «Highvill» тұрғын үй кешенінде тұратынын жеткізді. Оның сөзінше, пәтер ақысының ішіне кейбір қызмет түрлері енбейді:
«Коммуналдық қызметтерге айына шамамен 73–75 мың теңге төлейміз. Бұл сомаға интернет ақысы мен автотұрақ кірмейді. Бір автотұрақ орнын жалға аламын», — деді Ерлан Ақкенженов.
Сонымен қатар вице-министр тілшілер сұрағына жауап бере отырып, өзінің айлық табысын да жасырмай, қазіргі таңда 1,2 миллион теңге жалақы алатынын мәлімдеді.