Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

735 084 теңге: туысы зорлап, 12 жасында босанған қыздың отбасына үкімет неге ақша берген?

10:27, 26 шілде 2024 759

 

 
Павлодар облысында туысынан зорлық көріп, босанған қыздың отбасы қандай жағдайда өмір сүрген? Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенова жариялаған фотосуреттерден қандастардың үйі өте ескі, жұпыны екенін байқадық.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі кейбір әріптестеріміздің сұрауына сай хабарлағандай, әлі де қандас мәртебесіне ие бұл отбасына жергілікті атқарушы орган тарапынан кезінде қандай материалдық көмек берілген? 

Анықтағынымыздай, 12 жаста ана атанған қыздың отбасы Моңғолиядан ең алдымен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген екен.

«Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударып келгеннен кейін, бірінші Солтүстік Қазақстан облысына барған, кейін Павлодар облысы көшіп келген.

Павлодар облысының қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 2020 жылы, отбасы мүшесінде 7 адам болып қосылған. Квота шеңберінде қоныс аудару шығындарын өтеу бойынша 1 225 140 теңге, сонымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін 735 084 теңге көлемінде қаражат төленді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар