Депутат, айтыскер ақын, Ринат Заитов “Дикий Арман” лақап атымен танылған Жұмагелдиев туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы Adal Adam подкастында айтып берді.
“2021 жылдың аяғында “Алатау” театрында жүргенде Түркияға бардық. Әкімдіктің жанынан гастролдік сапар ұйымдастырылды. 70 шақты өнер өкілдері қатысты. Сол жақта режиссеріміз LED экран керек деді. Жалға берушілер 12 мың доллар сұрады. Әкімдіктің берген ақшасын әрең жеткізіп отырғанда ондай ақша төлей алмайтынымыз белгілі. Сол жерде бір театрдың әншісі “Арман Жұмагелдиевпен араласып тұрамыз. Сол кісі бізге көмектесе алатын шығар, хабарласып көрейік” деді. Содан телефон арқылы өзім хабарластым. “Мәселе жоқ” деді. Тіптен, ойланған да жоқ. Кейін ол экран керек емес болды да, біз бас тарттық. Бірақ шетелде жүріп, 70 қазақтың мәселесін бір секундта шешіп тастағаны мені риза қылды”, – деді айтыскер ақын.