Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"70 қазақстандық Ирандағы зауытта істейді". Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында 96 қазақстандықтың бар екенін мәлімдеді

21:23, 28 ақпан 2026

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында 96 қазақстандықтың бар екенін мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Ведомствоның мәліметінше:
▪️ 18 адам — дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері,
▪️ 2 адам — студент,
▪️ 70 адам — «Заркух» зауытында жұмыс істейді,
▪️ тағы 6 азамат Иранда жеке шаруамен жүргендер.

Министрліктің хабарлауынша, сыртқы саяси ведомство мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастармен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар