Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 сот отырысы: Тұрмыстық зорлық көрген Дана Нұржігіт маңызды мәлімдеме жасады

08:28, 08 тамыз 2024 697

Танымал журналист Дана Нұржігіт жеке өміріне қатысты тың мәлімет жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол өз инстаграм желісіндегі постына сот барысындағы жағдайларды баяндады. 

"Қышқыл лимоннан тәтті лимонад шығара білуді өмір өзі үйретеді. Он ай бойы өзімді қорғап, тергеу, сот процестерінен өткен кезде азаматтық іс, қылмыстық іске байланысты құжаттарды зерттеп, сот отырыстарына, тергеушіге түсініктеме берерде алдын ала дайындалып баруым керек болды. Басымнан өткен 7 сот отырысының өзі маған көп нәрсе үйретті. Істі жүргізу формасы, регламенті, құрылымы, түрлі форматы… Қазір осының бәрі менің "Dana soz" шеберханасындағы дәрістеріме керекті таптырмайтын материал болды. Лимон лимонадқа айналды деген осы!" - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?