Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"7 және 9 мамыр күндері интернет өшіріледі". Жеңіс күні қарсаңында сұмдық дерек шығып, шектеулердің қатаң болатыны айтылды

21:13, 05 мамыр 2026

Мәскеу қаласында 7 және 9 мамыр күндері интернет уақытша өшіріледі. Бұл туралы Ростелеком компаниясына жақын дереккөз «Русская служба Би-би-си»-ге мәлімдеген, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 7 мамыр күні интернет таңғы сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін, ал 9 мамырда 05:00-ден 13:00-ге дейін шектеледі.

Бұл уақытта Жеңіс күніне арналған әскери парадтың дайындығы мен негізгі іс-шарасы өтеді деп жоспарланған.

Дереккөздің айтуынша, биыл қауіпсіздікке төнетін қауіптердің жоғары болуына байланысты шектеулер күшейтілген.

«Мерекелер қарсаңындағы қауіпсіздік қатерлері артқандықтан, шектеулер де қатаңырақ болды. 9 мамырдан кейін бұл шектеулер жалғаспауы тиіс», — деген ол.

Бұған дейін «Русская служба Би-би-си» мен «Коммерсант» басылымдары 5, 7 және 9 мамыр күндері мобильді интернетке, SMS қызметіне және кейбір байланыс арналарын пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін екенін жазған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар