Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"60 мың теңге алады" - Астанада лифтіде баланың бетін тілген жасөспірімді жалғызбасты ана асырап отыр (Видео)

14:32, 20 ақпан 2025 1361

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков айтты, деп жазады Alash.KZ. Әйел адам баланың қамқоршысы ретінде ай сайын 60 мың теңге алады, ал ұлының мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы көлемі – 80 мың теңге.

«Ол баланың сыртынан жапты да, жұмыс істеуге кетті. Ал енді баланың ойында не болды? Ол бала әбден дайындалды. Пышақтың сабын пакетпен орады, жақсылап киінді. Сосын барып анау баланың бетінен ұрды. Оның анасына ештеңе деп айта алмайсың ғой. Не деп айтасың?», – деді Таңсәуле Серіков.

 
Депутаттың сөзінше, психикалық ауытқуы бар балаларды тәрбиелеп отыратын ата-аналар қаржылық қиындықтарға тап болған.

Елімізде аутизмнің үш түрі қабылданған. Ал әлемдік тәжірибеде оның 43 түрі мойындалған көрінеді. Көп жағдайда адамдарға шизофрения диагнозы қойылып, олар қажетті көмектен қағылып жатыр, дейді мәжілісмен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар