Украина президенті Владимир Зеленский France 2 телеарнасына берген сұхбатында 2022 жылдың ақпанында соғыс басталғалы Украина Қарулы күштерінің қатарында қаза тапқандар саны 55 мыңнан асқанын айтты. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, аталған көрсеткішке із-түссіз жоғалып кеткен әскери қызметкерлер кірмейді. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.
«Шайқас алаңында қаза тапқан әскери қызметкерлердің ресми саны – 55 мың. Бұған хабар-ошарсыз кеткендерді де қосу қажет», – деді Владимир Зеленский.
Ашық дереккөздерге сүйеніп, қаза тапқандардың аты-жөнін тіркейтін тәуелсіз жобалардың мәліметінше, 2024 жылдың ақпан айының басындағы жағдай бойынша Украинада 86 мың адам қаза тауып, шамамен 89 мың адам хабар-ошарсыз кеткен.
Ал шетелдік зерттеу орталықтары 2026 жылдың қаңтарына қарай қаза тапқан украиналық әскери қызметкерлер саны 100 мыңнан 140 мыңға дейін жетуі мүмкін деп болжайды.
Бұған дейін, 2024 жылдың маусым айында Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқан ресейлік әскерилер саны украиналық тараптағы шығындардан бес есе аз екенін мәлімдеген болатын.