Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

500-ге жуық оқушы уланған мектеп директоры Асхат Аймағанбетовтың туысы ма?

12:05, 10 қыркүйек 2024 634

Маңғыстауда астан уланған балалар бұрынғы білім министрінің туысы ма? Бұл сұраққа экс-министрдің өзі жауап қатты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

 

Тойлыбай Аймағанбетов Асхат Аймағамбетовтың туысы деп шулаған халыққа экс-министр өзінің телеграм арнасында жауап жазды.

"Менімен тегі бірдей қанша адам бар екен, жалпы? Егер оның бәрі менің туысым деп есептеп, кез келген мәселе туындаса сол туралы жаза берсе, тақырып қыза түседі. Мысалы, бүгін Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануы туралы репортаж жасаған басылымдардың бірі - мектеп директорын менің "туысым" етіп қойған. Бірақ мен ол адам туралы бірінші рет естіп отырмын. Жақында менімен тегі бірдей тағы бір басшыны менің туысым етіп қойды, бірақ біздің ешқандай туыстық байланысымыз жоқ.

Түсінікті болуы үшін айта кетейін: білім беру саласында басшылық қызметте менің ешқандай туысым отырған жоқ. Бұл жайтқа байланысты оқушылар мен олардың ата-анасына қолдау білдіріп, балалардың тезірек жазылып кетуін тілеймін", - дейді Асхат Аймағамбетов. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?