Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтың шындығын айтты

07:56, 15 ақпан 2023 314
18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты.


Айта кетсек, ол биыл Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын.
 

Жеңімпаз атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді жас шахматшы.

 

Онымен сұхбатқа бірге келген анасы Лиана Таңжарықованың айтуынша, Бибісара шахматпен 4 жасынан бастап айналысады екен. 1 жасында анық сөйлеп, 30-дан аса өлең шумақтарын жатқа айтатын болыпты.

«Әпкем карта ойнауды, әкем шахмат ойнауды үйретті. 4 жасында үйірмеге барғанда жасы кіші болғандықтан қабылдамай қойды. Қызыма бұл жолдың ауыр, қиындыққа толы екенін ескерттім. Бүгінде 14 жыл шахматпен қол үзбей жаттығып келеді», – деді анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар