Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

50 жастағы ер адам интимдік қызмет көрсеткен жігітті тонап, ақы төлеуден бас тартқан

17:08, 15 ақпан 2025 2107

50 жастағы Көксу ауданының тұрғыны жігітке интимдік қызмет көрсетуді ұсынған, кейін ақы төлеуден бас тартып, оны тонап кеткені хабарланды. Бұл туралы   Alash.kz ұлттық порталы Halyqstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды

Ақпаратқа сәйкес, ер адам жалдамалы пәтерге 25 жастағы жігітті шақырады. Олар өзара 15 мың теңгеге интимдік қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Дегенмен тұрғын кейін қосымша қызмет талап етіп, соңында оның ақысы 50 мың болған. 

Ақыны төлеуге келгенде екеуі дауласып, арасында жанжал туындаған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, айыпталушы күш қолданып, көрсетілген қызметке көңілі толмай, жігіттің iPhone телефонын тартып алады. Соңынан оның пәтерден шығып кеткені анықталды. Оқиға қоғамда үлкен дау туғызды. Айыпталушының әйелі мен балалары мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып жатқаны хабарланды.

Алайда жәбірленуші ымыраға келуден бас тартып, заң аясында әділ жаза тағайындауды талап етіп отыр. Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар