Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“5 оқушы жабылып, ұрып-соққан” - Жамбыл облысындағы мектеп оқушысының сұмдық қазасы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

11:50, 10 қазан 2025 278

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылында 12-қыркүйек күні 10-сынып оқушысы өзінен үлкен боз балалар қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист Руслан Өтепбай қанды оқиғаға қатысты арнайы бағдарлама түсіруге Көкқайнарға барды. Қаралы үйге кіріп шығып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

”Апарып, шапалақпен ұрдық. Ондайды көрмедік қой. Талып қалған шығар деп ойладық”,- деген мектеп оқушысы.

Мирасты 5 бала ұрып соққан. Оның үшеуі “адам өлтіру” бабы бойынша, қалған екеуі “бұзақылық” бойынша істі болып жатыр. 
Қылмысқа қатысты дегендердің бәрі - бір мектепте оқитын 11-сынып оқушылары.

Марқұмның анасы баласынан айырған ауылдан безіп отыр. Қашан көрсең жадырап жүретін, жарқын жүзді ұлын сағынатынын айтады:

”Тұрғым келмейді. Қалғым келмейді мына ауылда”,- деді етегі жасқа толған ана.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар