Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 жасымда 4 еркек зорлады: Атыраулық жігіт өз өміріндегі сұмдық оқиғамен бөлісті (ВИДЕО)

15:00, 26 наурыз 2025 2226
 

Атыраулық жігіт журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында кішкентай кезінде зорлыққа тап болғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Айтуынша, оны бала кезінде 4 еркек зорлаған.

«Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болса да, мен оны бір сәтке болсын естен шығарған емеспін. Шамамен 5 жасымда ауладағы ересек жігіттер бірнеше рет сексуалды зорлық-зомбылық көрсетті. Мен бұл оқиғаны біреуге айтуға қорықтым. Қазірдің өзінде сол жағдай туралы айту өте қиын. Дегенмен, барлығы қалай болғанын бүкпесіз айтуға тырысамын. Бала кезімде ата-анам үнемі жұмыста болды, мен балабақшадан тыс уақытта және демалыс күндері жалғыз қалатынмын. Сол уақыттары төрт ересек жігіт мені бірнеше рет зорлады. Біреуінің есімін атай алмаймын. Қалған үшеуі Аслан, Бауыржан, Расул есімді жігіттер. Ауламызда балалар жиналатын жабық жер болды. Мені сол жерге шақырып, арам пиғылдарын жүзеге асырды. 5 жасымда не болып жатқанын дұрыс түсінбейтінмін де. Шамамен бұл нәрсе бір жылға созылды. Себебі, бір жылдан кейін ата-анам мені демалыс күндері көрші әжеге тастап кететін болды. Оған дейін сенбі және жексенбі күндері қараусыз жүретін едім. Уақыт өте болған нәрсені есіңе түсіргенде сол жаман әрекет саған жасалғанын түсінесің, тұйықтала бастайсың. Тіпті, өзіңді қалай ұстап, кімге айтарыңды да білмейсің», — дейді ол.

13 жасында көрген қиындығын да баяндап берді.

«Мені зорлаған төрт жігіттің біреуі айтып қойса керек, солармен жасты бір жігіт мені бопсалай бастады. Ақша бер, әйтпесе болған оқиғаны айтып беремін деген сыңай танытты. Ақша апарып бергенімде, ол өзінің жыныс мүшесін шығарып, аузыңа сал деді. Сонда сен маған қарыз болмайсың деді. Мен ақшаны тастап, қашып кеттім. Одан кейін ол менен ақша сұрауды жиілетті. Одан басқа жігіттер де сенің оқиғаңды білеміз деп ақша сұрай бастады. Өткен жылдың қараша айына дейін мен сол жігіттерге ақша беріп келдім. Айына 10 мыңнан бастап 800 мыңға дейін алып жүрді. Қарызға кіріп кеттім, кәсібім дұрыс жүрмей қалды. Содан соң суицид туралы ойлана бастадым. Осы мәселені айтып жеңілдегім келді. Мұндай жағдай кез келген баланың басынан өтуі мүмкін», — дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар