Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«5 алтын»: Қазақстанның пара дзюдо құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

19:00, 21 қазан 2026

Қазақстанның пара дзюдо құрамасы V Азия Пара ойындарында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы 21 қазанда Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан жарыстар аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық медальдық есепте бірінші орын иеленді.

Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық пара дзюдошылар 13 медаль жеңіп алды - 5 алтын, 1 күміс және 7 қола. Медальдық есепте Өзбекстан құрамасы екінші, Қытай құрамасы үшінші орын алды.

Пара дзюдодан Қазақстан құрамасы Ойындардағы ұлттық делегацияның ең көп спортшы қатысқан командаларының бірі болды - бұл спорт түрінде ел намысын 26 спортшы қорғады.

Жарыс күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Кайрат Боранбаев спортшылар және құраманың жаттықтырушылар штабымен кездесті. Ол сол уақытқа дейін жеңіп алынған медальдармен команданы құттықтап, спортшылармен әңгімелесті және жарысты сенімді жалғастырып, сәтті аяқтауға тілектестік білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен жарысты аяқтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар