Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 алтын аламыз дегенімде қазақстандықтар күліп еді - Толкын Кылышев

14:11, 19 қыркүйек 2024 1392

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толкын Кылышев қалай 5 алтын алғанын баяндап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

”Өздері осы жетістікке қол жеткізе алмаған адамдар Өзбекстан алтынды сатып алды деп айтады. Өздері чемпион болса саналып, біздікі саналмайды екен. Ондай болмайды. Біздің 7 алтын алтын алуға шамамыз жетеді. Әлемде біздің 7 боксшымызға тең келетін боксшы жоқ. Кез келген адаммен осы жөнінде пікір алмаса аламын. Мен барлық боксшымыздың алтын алатынына сенімді едім. Егер бәрі әділ өткенде, біз 7 алтын алатын едік. Мен Олимпиада алдында бір интервьюда 5 алтын аламыз дегенімде қазақстандық блогерлер күліп еді. Бұл күпірлік емес, шындықты айтып отырмыз. Біздің балалар барлық тараптан, физика, психология, тактика жағынан мықты”, — дейді ол.

Келесі олимпиадаға дайындығын бастап кеткендерін де жасырмады.

”Қазір келесі олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Боксшылар 1 ай ғана демалды. Біз оларды бір айда 3-4 күнге ғана жібереміз. Егер 10-15 күнге жіберсек жасаған барлық дайындық, тактика босқа кетеді. Үйлеріне 10 күнге жіберсек, Олимпиадада 5 алтынды қайдан аламыз. Ендігі мақсат, 2028 де барлық салмақта алтын алу. 10 салмақ болса 10 алтын, 7 салмақ болса, 7 алтын, 5 салмақ болса, 5 алтын аламыз”, — деді бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар