Қазақстанда әскерден жалтарғаны үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды, деп жазады Alash.KZ.
Қала әкімінің қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник Ержан Рымбектің айтуынша, әскери қызметтен жалтарғаны үшін шамамен 4,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Кәсіпорындар, ұйымдар және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылуға жататын қызметкерлер мен студенттер туралы мәлімет беруге міндетті. Бұл талапты бұзған жағдайда 180 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.