Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

40 күндігін күту керек еді: Сәкен Майғазиев халықты қатты ренжітіп алды

13:43, 09 желтоқсан 2024

Әнші Сәкен Майғазиев сынның астында қалды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, жақында өнер иесінің үлкен әпкесі қайтыс болған еді. 

“Екінші қызымыз Мәриямның кіндік әке-шешесі, досымыз Серікзат Дүйсенғазының 50 жасына келіп қалдық. Той да, шығармашылық кеш те керемет өтті. Сәкең мен Айнұр – біздің отбасылық достарымыз. Амандықта жолығайық! Жақсы күндер көп болсын”, – деп жазды әнші. 


Желі қолданушылары өнер иесінің іс-әрекетін сөз етіп, сынға алды. 

“Жақында ғана әпкесі қайтқан жоқ па, неге той тойлап жүр”, “Бұл әруақ сыйламағанмен бірдей”, “40 күндігін өткізіп шығу керек”, “Той-томалаққа әзір бармағаны дұрыс еді”, – деп жазды оқырман қауым. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар