"ҚазАвиаСпас" компаниясының ұшағымен Карим Жетру есімді 13 жасар баланы іздеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Құтқарушылар бүгін таңертеңнен бастап тыңғылықты іздеу жұмысын бастады.
Бірақ жақындары мен жанашыр жандар Каримді 4 күннен бері іздестіруде. Іздеу жұмыстарына кинолог мамандар мен иттер де қосылды.