Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«4 ер адам мен құрбысы жауапқа тартылды»: 16 жастағы қызды зорлағандарға қатысты жаңа дерек шықты (ФОТО)

12:39, 23 тамыз 2026

Маңғыстау облысында 16 жастағы бойжеткенге қатысты жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсету ісі бойынша ақпан айынан бері іздеуде жүрген соңғы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу нұсқасына сүйенсек, 2025 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта кәмелетке толмаған қыз бір топ адам тарапынан бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырап, тыйым салынған заттарды қолдануға мәжбүрленген.

Аталған қылмыстық іс бойынша төрт ересек ер адам мен жәбірленушінің кәмелетке толмаған таныс қызы жауапқа тартылуда. Айыптау тарапының мәліметінше, жәбірленушіні күдіктілерге дәл осы таныс қызы алып келген. Оған кәмелетке толмаған адамды тыйым салынған заттарды тұтынуға тартты және ауыр қылмыс туралы хабарламады деген айып тағылып отыр.

Ер адамдарға кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қайталап қылмыс жасау, сондай-ақ оны тыйым салынған заттарды тұтынуға көндіру баптары бойынша айып тағылған. Бұдан бөлек, айыпталушылардың біріне осы заттарды өткізу мақсатында заңсыз айналымға түсірді деген де айып тағылып отыр.

Бүгінгі таңда соңғы күдіктінің ұсталуымен тергеу амалдары толық аяқталып, материалдар Ақтау қалалық сотына жолданды. Жәбірленушінің кәмелет жасына толмауына байланысты сот процесі жабық режимде өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар