Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«4 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды»: Түркия мектебінде тағы да атыс орын алды

19:41, 15 сәуір 2026

Түркияның Кахраманмараш провинциясындағы білім ордасында қарулы қақтығыс орын алды, деп жазады Alash.kz. 

Ресми деректерге сүйенсек, оқу орнына жасалған қарулы шабуылдан төрт адам қаза тауып, жиырмаға жуық адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үстінде.

Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті. Мамандар шабуыл жасаған тұлғаның жеке басын және оның мұндай әрекетке баруына не түрткі болғанын зерттеп жатыр. Зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

Айта кететін мәселе, бұл Түркиядағы оқу орындарында соңғы бірнеше күн ішінде орын алған екінші қарулы қақтығыс. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар