Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«35 жыл Қазақстан армандаған... Жасап шығардық»: Отандық кәсіпкерлер қуанышты жаңалықты жария етті (ВИДЕО)

12:55, 16 қазан 2026

Қазақстандық бағдарламашылар мен кәсіпкерлер отандық стартап ретінде Qajet Taxi жаңа такси сервисін ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнежазба авторы Думан Бақыткелді  мен Нұрқанат Қайрат отандық өнімді көпшілікке таныстырды. Жоба авторларының айтуынша, бұл — ел тұрғындары көптен бері күткен отандық цифрлық шешімдердің бірі.

Қазнетте қызу талқыланып жатқан жаңа қосымша өзінің функционалы бойынша танымал халықаралық такси сервистеріне балама ретінде ұсынылып отыр. Жаңа сервис жүргізушілерге де, жолаушыларға да ыңғайлы цифрлық орта қалыптастыруды көздейді. 

35 жыл Қазақстан армандаған Отандық таксиін жасап шықтық. App Store мен Play Market-тен жүктеп, адамдар қолданып бастады. Не үшін Qajet Taxi-ді жасадық? Қазақстанның ақпараты мен Қазақстанның ақшасы Қазақстанда қалуы қажет! Бұл - қазаққа қажет жоба!  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар