Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындады. Мәнерлеп сырғанаудан тарихи алтын жеңіп алған спортшыға Hyundai Palisade автокөлігі табысталды, деп жазады Alash.KZ.
Бұған дейін Димаш Шайдоровты жарқын жетістігімен құттықтап, видеоүндеу жолдаған болатын. Онда ол Михаилге ел мерейін асырғаны үшін алғыс айтып, сыйлық дайындап қойғанын алға тартты.
«Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Ағаң Дениске, халқыңа берген сертіңді орындадың. Мұз үстіндегі болашағың жарқын, шабытқа толы болсын. Талантпен әлемді бағындыра бер! Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның да қуантты. Саған темір тұлпар сыйлаймын», – деген еді Димаш.
Айта кетейік, Hyundai Palisade көлігінің нарықтағы құны 34 миллион теңгеден басталады.
Еске салайық, 14 ақпанға қараған түні Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Осылайша, ол елімізге 32 жыл күткен алтынды сыйлады.
Сарапшылардың бағалауынша, Шайдоровтың еркін бағдарламасы турнирдегі ең күрделі техникалық қойылымдардың бірі болды.
"34 млн теңге тұратын көлік" - Димаш Шайдаровқа бірген уәдесін орындады
19:43, 26 ақпан 2026
Алаш коллаж
Соңғы жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
09:30, 31 тамыз 2026
«Арасында Қазақстан азаматтары бар ма?»: Кипрде 267 адам мінген паром апатқа ұшырады
08:59, 31 тамыз 2026
«Соғысты тоқтатудың жаңа жолы»: Трамп Ресей мен Украинаға қандай ұсыныс білдірді?
16:21, 30 тамыз 2026