Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«33 мың доллар тұратын бас киім». Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің берген қымбат сыйлығын паш етті (ВИДЕО)

16:02, 17 шілде 2024 1088

Елге танымал әнші Мақпал Жүнісованың марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің сыйға тартқан бас киімін көрсетіп,оның құны 33 мың доллар тұратын хабарлаған видеосы тарады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.

Әнші бейнедеректе сыр шертіп, марқұм күйеуі тарту ерекше сыйлығының теңдессіз екенін айтып, мәңгілік сыйлық болып қаларын жеткізеді:

«Өзі сондай ерекше, 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады», - деді Мақпал Жүнісова видеода бас киімін көрсетіп жатып.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, таза күмістен тоқылып, асыл әшекейлермен зерленген бас киім тек "Алматы қаласында киюге арналған". Әнші салмағына бола оны басқа қалаларға алып бармайтын көрінеді. Қазіргі уақытта бас киімге қатысты әншінің көңілінде алаң көп. Ол баға жетпес бас киімді «қолды болып кете ме, біреу ұрлап кете ме» деп уайымдайтынын да жасырмады.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар