Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"300 миллион тұратын үйімді біреуге тегін бергім келеді". Блогер саудаға жоқ екенін айтып, даңғарадай үйін тегін бермек

09:32, 23 қараша 2024 3138

Блогер Дархан Жолшыбеков өзінің тұрып жатқан шаңырағын бір оқырманына сыйлауға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Блогер өзінің мұндай қадамын жомарттығымен ұштастырып, оқырманға былай хат жолдаған:

Ешқандай интригасыз бірден айтайын: үйімді біреуге сыйлағым келеді. Осы күнге дейін ешқандай дүние мүлікті сатқан емеспін. Достарыма үйімді сыйлап жіберген кезім болды. Көліктерімді оқырмандарыма тегін тараттым. Мына үйді алғанда да қаншама адам негатив жазды. Сол кезде сатып, басқа жаққа көшкім келді. Енді Дари да келіспей отыр. Отбасылы адам болғасын өзім ғана шешім қабылдамаймын. Үйдің құны – 300 миллион теңге. Қазір бағасы тіпті өсіп кетті. Сату – менің ісім емес. Сол үшін тегін бергім келіп тұр. Гив немесе лоторея ойнатпаймын. Бұрын да ойлап қойып едім. Ол кезде осы үйге жаңадан көшіп келіп жатқасын қызығы басылмады. Одан кейін басқа баратын жеріміз болмады. Болашақта осы үйімді біреуге тегін сыйлап, масштаб тұрғысында контент жасағым келеді, – деді Дархан. 

Сонымен қатар, өзінің сауда-саттықты кәсіп қылып, айына қанша табатынын да ашық айтқан: 

Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 миллион теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді, – деген еді Дархан.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар