АҚШ пен Иран соғысты тоқтату мәселесіне қатысты өзара ұсыныстармен алмасты, деп хабарлайды Alash.kz.
Мәліметке сәйкес, АҚШ тарапы қақтығысты аяқтау үшін тоғыз талаптан тұратын тізім ұсынған. Ал Иран бейбітшілікті сақтау үшін міндетті деп саналатын 14 тармақтан тұратын өз шарттарын жолдаған.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, АҚШ атысты тоқтату келісімін екі айға ұзартуды сұраған. Алайда Иран бұл мәселе 30 күн ішінде толық шешілуі керек деген ұстанымда.
Соғысты тоқтатудың негізгі шарттары өзгеріссіз қалған. Олардың қатарында қауіпсіздік кепілдіктері, өтемақы төлеу, теңіз блокадасын алып тастау, сондай-ақ Ормуз бұғазын басқару құқығы секілді талаптар бар.
Donald Trump Иран ұсынған жоспарды қарастыруға уәде берген.