Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“30 жыл бұрынғы жанжал үшін әйелін атып өлтірген” - Атыраудағы қанды оқиға туралы тың дерек анықталды

10:06, 28 қыркүйек 2025 228

Атырау облысында отбасылық жанжалдың соңы қайғылы қылмыспен аяқталды. 61 жастағы ер адам қызғаныштың жетегінде әйелін атып өлтірген. Сот оның әрекетін аса ауыр қылмыс деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Қанды оқиғаның түп-төркіні отыз жыл бұрын басталған екен. 1990 жылдардың ортасында ер адамның көршісі дастарқан басында қатты мас болып отырып: “Қыздарыңның бірі сенің туған қызың емес” – деп айтып қалған. Ертеңіне көршісі мас күйінде мәнсіз сөз айтып қойғанын мойындап, кешірім сұрағанымен, сол күдік ер адамның санасында қалып қойып, жылдар өте келе мазалай берген.

Ақ Жайық” жазғандай, ол уақыт өте келе әйеліне сенуден қалып, әр әрекетінен опасыздық іздейтін болған. Қызғаныш пен айыптаулар отбасының берекесін қашырып, жанжалға ұласқан. Өзі де ішімдікке әуестеніп, агрессивті мінез көрсете бастаған.

Биылғы мамыр айының басында өткеннің елесі қайта оралып, ер адам бір апта бойы үздіксіз ішімдік ішкен. 6 мамыр күні түнде ол әйелін қайтадан жазғырып, ішкі ашуын баса алмай, сейфінен заңды түрде тіркелген аңшы мылтығын алып шыққан. Таңға жуық жанында ұйықтап жатқан әйеліне мылтықты тақап тұрып екі рет оқ атқан. Әйелі оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыскер көп ұзамай жасаған әрекетін жасырмай, өзі полицияға қоңырау шалып, қылмысын мойындаған. Тергеу барысында оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (“Кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көріне белгілі адамды өлтіру”) бойынша сараланды.

 

Сот үкімі бойынша судья Зарема Хамидуллина айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар