Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

30 жыл бойы қорлық көрсеткен күйеуін өлтірген әйел байғұс 8 жылға сотталды

10:00, 15 қазан 2024 277

50 жастағы әйел өз күйеуін өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

30 жыл бір шаңырақ астында тұрған жолдасын өлтіруге жылдар бойы көрген қорлығы себеп болған.

Orda.kz мәліметінше, оқиға Түркістан облысында орын алды. Ерлі-зайыптының арасында екі ұл, екі қызы бар. Балалары да әкесінің анасына қорлық көрсетіп, таяқтың астына алатынын айтқан. 

Сот барысында әйелінің қолынан қайтыс болған ер адамның тұрақты жұмысы болмағаны, тапқан табысын ішімдікке жұмсағаны анықталды. Әцелдің күйеуін өлтіру себебі де, ішімдікке ақша сұраудан басталыпты. Ашуға булыққан 50 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өз үйінде белбеумен буындырып өлтірген. 

Л.Х. үстінен адам өлтіру бабының 1-тармағы бойынша іс қозғалды. Ол өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор төрт баланың анасын 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар