Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"30-дан астам адам бар". Путиннің Қазақстанға келе жатқаны белгілі болды

19:29, 26 мамыр 2026

Владимир Путин жақын күндері Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазды Alash.kz. 

Оның айтуынша, Владимир Путин Астана қаласына 27 мамыр күні кешке келеді. Ал 28 мамырда ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тар және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар құжаттарға қол қойып, бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасауы жоспарланған.

Сондай-ақ 29 мамыр күні Ресей басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне қатысады.

Ресей делегациясының құрамында министрлер, ірі компаниялар мен мемлекеттік корпорациялар жетекшілерін қоса алғанда 30-дан астам адам болады. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сауда-экономикалық байланыстар және өңірлік күн тәртібіндегі тақырыптар талқыланады деп күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар