Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“3 алтын жеңіп алды”: Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында топ жарды

12:48, 28 шілде 2026

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Alash.kz.

ҰОҚ хабарлауынша, аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанова (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар