Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

3-4 рет ажырасқан адам бақытты болуды үйретеді: Қанат Әлжапбаров халыққа кеңес берді

16:27, 15 қаңтар 2025 103

Әзілкеш Қанат Әлжаппаров бай болу мен бақытты болу туралы айтатындарды сынап, халыққа кеңес айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы инстаграм парақшасында мәлімдеді.

«Интернетті ашып қалсам, көк тиын ақшасы, я бизнесі жоқ аға баюдың жолын үйретіп отырады ғой. Негізі бай адам үйретпейді ғой? 3-4 рет күйеуге тиіп келген апа бақытты отбасы туралы айтып отырады ғой, миыңды ашытып... Қазақ жалқау халық деген сөз бар ғой.

Негізі біз жалқау емеспіз. Біздің сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Күректі алып, енді жұмыс істейін деп жатса, неге сен жұмыс істеп жатырсың, Шыңғыс ханның ұрпағысың сен деп айтады. Сол жерде күректі лақтырып жібересің, өйткені, ханның тұқымысың ғой. Сол жерде Шағатайдың інісі болып кетесің ғой. Сондықтан біреудің өсегіне сенбей, өзіміз үшін тірлік істеп жүрсек, біз әлемдегі ең бай ел боламыз деп ойлаймын», — деді әзілкеш.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар