Енді Ресей азаматтары Норвегияға кіре алмайды, деп хабарлайды Alash.kz.
Норвегия үкіметі қабылдаған шешім аясында, Шенген аумағына кіретін қай елден виза алса да, қашан алса да, ресейлік азамат Норвегиядан депортацияланады.
Тек жақын туысына не оқу мен жұмысқа келген азаматтар ғана кіре алуы мүмкін.
Үкімет мұндай шешімді Украинаға басып кірген Ресейдің саясатына сын ретінде қабылдап отыр.