Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«28 бала, 1 мұғалім қаза тапты»: Мектептегі оқыс оқиға әлем халқын шошытты (ВИДЕО)

15:11, 15 қазан 2026

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы жеке меншік мектептердің бірінде сабақ кезінде ғимараттың шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Апат салдарынан үйінді астында оқушылар мен мұғалімдер қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 28 бала мен бір мұғалім қаза тапты. Сондай-ақ 50-ден астам адам әртүрлі жарақаттар алды. Оқиға орнында құтқарушылар үйінділерді тазартып, қиранды астында қалуы мүмкін адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ғимараттың салмаққа төтеп бере алмайтын әлсіз құрылымы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар