Тегеранда Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Иран астанасы Тегеранда Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды.
Әли Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ жүргізген әскери операция барысында қаза тапқан болатын.
Жерлеу рәсімі шамамен бір аптаға созылып, 9 шілдеде аятолланың туған қаласы Мешхедте аяқталады. Осы уақыт аралығында Иран мен Ирактың бірнеше қаласында аза тұту рәсімдері өтеді.
Әли Хаменеимен бірге шабуыл кезінде қаза тапқан оның отбасының тағы төрт мүшесі – қызы, күйеу баласы, келіні және 14 айлық немересі жерленеді.
Рәсімге дайындық мұқият жүргізілгенімен, бірқатар мәселе әлі де белгісіз күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, Хаменеидің ұлдары, соның ішінде Моджтаба Хаменеи мен оның бауырларының әкесін жерлеу рәсіміне қатысатыны нақты айтылған жоқ.
Айта кетейік, Хаменеидің ұлдары АҚШ пен Израиль арасындағы соғыс басталғаннан бері көпшілік алдына шықпаған. Сонымен қатар Моджтаба Хаменеидің денсаулық жағдайына қатысты да нақты ақпарат жоқ.
Жерлеу рәсіміне Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Пәкістан мен Ирактың жоғары лауазымды өкілдері қатысты.