Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“25% үстемақы қосылады”: 2026 жылы Қазақстанда кімдердің жалақысы өседі?

13:00, 08 шілде 2026

Қазақстанда мұрағат ісі мен ветеринария саласында еңбек ететін мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізіледі, деп жазады Alash.kz.

Жаңа өзгеріс Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, тиісті норма 2026 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді. 

Енді аталған салалардың қызметкерлері еңбек жағдайына байланысты заңнамада көзделген қосымша төлемдерді алуға мүмкіндік алады.

Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарға жергілікті мәслихат шешімімен лауазымдық жалақысының кемінде 25 пайызы көлемінде үстемеақы төленеді.

Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік архив қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына 1,75 мөлшеріндегі арттыру коэффициенті қолданылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар