Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“25% жеңілдік”: Үш бағыттағы "Тальго" пойыздарына жеңілдіктер енгізілді

14:30, 29 қаңтар 2026

Ұлттық тасымалдаушы танымал бағыттардағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктердің іске қосылғанын хабарлайды. Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады, - делінген хабарламада.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына

• Жеңілдік мөлшері — 25%

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар