Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау барысында алғашқы үш сағатта 2,2 миллионнан астам азамат дауыс беріп, сайлаушылардың келу көрсеткіші 17,96 пайызды құрады, деп хабарлайды Alash.kz.
Орталық сайлау комиссиясының сағат 10:00-дегі мәліметіне сәйкес, ел бойынша ең жоғары белсенділік Қызылорда (22,91%), Қарағанды (21,06%) және Жетісу (20,87%) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі белсенділік Алматы қаласында тіркеліп, дауыс берушілер көрсеткіші 9,96 пайызды құрады. Астанада сайлаушылардың 17,01 пайызы, Маңғыстауда 16,92 пайызы, Павлодарда 15,98 пайызы өз таңдауын жасады.
Басқа өңірлердегі көрсеткіштер мынадай: Абай облысында – 17,35%, Ақмолада – 18,91%, Ақтөбеде – 20,28%, Алматы облысында – 17,19%, Атырауда – 18,75%, Батыс Қазақстанда – 17,97%, Жамбылда – 18,25%, Қостанайда – 17,92%, Солтүстік Қазақстанда – 17,52%, Ұлытауда – 19,41%, Шығыс Қазақстанда – 19,93%.
Тізімге сәйкес, ел бойынша дауыс беруге құқылы 12 605 788 азамат енгізілген. Ең көп сайлаушы Алматыда (1 329 221), Түркістанда (1 204 659), Алматы облысында (1 042 987) және Астанада (1 014 817) тіркелсе, ең аз сайлаушы саны Ұлытау облысына (138 362) тиесілі. Таңғы сағат 07:00-де ашылған учаскелер кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс берушілердің белсенділігі туралы келесі ресми мәліметтер сағат 12:00-де ұсынылады.