Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"22 жыл болған". Әнші Мейрамбек Бесбаев әйеліне ерекше сый жасап, тосынсыйын көрсетті

20:12, 12 шілде 2026

Әнші Мейрамбек Бесбаев жұбайы Мархабат Бесбаевамен шаңырақ көтерген күндерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында романтикалық кештен бейнежазба жариялаған. Кадрлардан әншінің жарына тосынсый жасап, отбасылық мерекені шетелде атап өткенін көруге болады.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың бірге өмір сүріп келе жатқанына 22 жыл толған.

«Құттықтауларыңызға көп рақмет! Отбасыларыңызға амандық тілейміз», – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, жұбайларға ұзақ ғұмыр, баянды бақыт пен отбасылық береке тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар