Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2027 жылы қанша Қазақстан азаматы қажылық сапарға аттана алады?

10:58, 09 қараша 2026

Қазақстандық 4 300 азамат 2027 жылы Сауд Арабиясына қажылық сапарға бара алады, деп хабарлайды Alash.kz.

Тиісті ресми келісімге Жидда қаласында өткен кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиға қол қойды.

Екіжақты келіссөздер барысында тараптар қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру талаптарын, атап айтқанда, зекетшілерді қонақүйлерге орналастыру, көлікпен тасымалдау және көрсетілетін қызмет сапасына қатысты міндеттерді толық айқындады.

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2027 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыруға ресми түрде 4 қазақстандық туроператор ғана лайықты деп танылған. Олардың қатарында «Атлас Туризм» ЖШС, «Нұрхан Тревел» ЖШС, «Тауаф Тревел» ЖШС және «Хикмет Тревел» ЖШС бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар