Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2027 жылға арналған діни мерекелердің ресми күнтізбесін көпшілікке жария етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бεкітілген алдын ала есептеулерге сәйкес, 2027 жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда өз мәресіне жетеді. Ал мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Қадір түні 5 немесе 6 наурыз күндеріне дөп келеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ұлық мереке – Ораза айт 9 наурызда басталады.
Дегенмен, ҚМДБ өкілдері бұл мерзімдердің әзірге алдын ала есеп екенін ескертіп, халыққа арнайы түсініктеме берді:
«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалады. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күн шегерілуі немесе алға жылжыуы мүмкін», – деп ескертеді мүфтият.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы