Бұл туралы Президент Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтауында айтты, деп жазады Alash.KZ.
«2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін.
Біз энергетикалық әлеуетімізді нығайтып, агроөнеркәсіп кешені, су шаруашылығы мәселелерін шешіп, көлік-логистика саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын дамыта береміз.
Шағын және орта бизнес әрдайым мемлекеттің назарында болады. Барлық өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, жолдар жөнделеді, сондай-ақ тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары бой көтереді.
Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ.
Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – басты міндетіміз. Менің бастамаммен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында осымен үшінші жыл қатарынан әр баланың есепшотына қаражат түседі.
Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындай береді. Біз білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға әрдайым айрықша назар аударамыз», – деді Мемлекет басшысы.
2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
Ақтөбеде ересек ер адам оқушыны жыныстық қатынасқа тартқан ба - ақпарат тексеріліп жатыр
19:21, 21 қыркүйек 2026
«1000 доллар тұратын футболка»: inDrive негізін қалаушы Алматыдағы бағаға таңғалды
18:47, 21 қыркүйек 2026
Алматыда тауға серуенге шыққан 11 жастағы қыз бала неге жансақтау бөліміне түсті?
18:24, 21 қыркүйек 2026
«Қырағы болуы тиіс»: Америка Таяу Шығыстағы өз азаматтарына қатаң ескерту жасады
17:56, 21 қыркүйек 2026
«11-сыныпта оқитын 4 жасөспірім ұсталды»: Мектепте 15 жасар оқушы қаза тапты (ФОТО)
17:26, 21 қыркүйек 2026
«Бір отбасының төрт адамы»: Маңғыстау облысында жаппай уланғандар туралы күтпеген дерек шықты
16:44, 21 қыркүйек 2026
«Кімнен бетін тұмшалап жүр»: Роза Рымбаева өзекті тақырыпта маңызды мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
16:28, 21 қыркүйек 2026
Тиісті өкімге өңір әкімі қол қойды: Ақмола облысында бір күнде екі әкім қызметінен босатылды
16:08, 21 қыркүйек 2026
«Бейнетаспаға жазып алдым»: Жұмысынан айырылған экс-балабақша меңгерушісі Министрге шағымданды
15:14, 21 қыркүйек 2026
«Шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана»: Бектенов әлеуметтік көмек туралы айтты (ФОТО)
14:35, 21 қыркүйек 2026
«Ешкім оқымайтын кітап жазып...»: Баян Алагөзова өзін сынағандарға өткір жауап берді (ФОТО)
12:59, 21 қыркүйек 2026